- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дұрыс ұйықтамау инсульт...
Дұрыс ұйықтамау инсульт тудыруы мүмкін - кардиолог
Француз ұлттық денсаулық институтының кардиологтары ұйқысы дұрыс адамдарда жүрек ауруы мен инсульт қаупі 74 пайызға төмен екенін анықтады. Жұмыс нәтижелері Еуропалық кардиология қоғамының конференциясында ұсынылды, - деп хабарлайды Gazeta басылымы.
Басылым мәліметінше, ғалымдар 50 мен 75 жас аралығындағы 7200 науқастың деректерін зерттеп, қатысушылардың денсаулығы туралы әртүрлі мәліметтерді, соның ішінде олардың ұйқысы туралы деректерді жинаған. Содан кейін еріктілерді 10 жыл бойы бақылап, оларда жүрек ауруы немесе инсульт бар ма, жоқ па, соны тексерген.
Зерттеу барысында қатысушылардың 10 пайызы түнде жеті-сегіз сағат ұйықтаса, қалған 90 пайызының ұйқысы бұзылған.
Бақылаудың сегізінші жылында ұйқысы бұзылған 275 адамда жүректің ишемиялық ауруы немесе инсульт анықталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова