Эндокринолог Зухра Павлова Telegram-арнасында денені қалай сағат сияқты жұмыс істету керегін, әр минутты қалай пайдалы ұйымдастыруға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.
Маманның айтуынша, денедегі барлық процесс сағат бойынша жүреді және оларды дұрыс бастау үшін кешке уақытында ұйықтау керек. Кеш ұйықтау бүкіл тізбекті бұзады және біртіндеп адамның өзін нашар сезінуіне әкеп соғады.
21:00 - мелатонин, яғни ұйқы гормоны қанға шыға бастайды. Ең дұрысы адам осы уақытта күндізгі қарбаласты азайта бастауы керек.
22:00 - Кітаппен төсекте жатқан дұрыс. Телефонда немесе ноутбукта түнгі экран режимін қосу керек.
23:00 - жарықты толық өшіріп, ұйықтау қажет. Қараңғыда мелатонин секрециясы тез жүзеге асады, ол лептиндеңгейін жоғарылатады және грелин (аштық гормоны) деңгейін төмендетеді.
"Соматотропин (өсу гормоны) өндірісі басталады, ол басқалармен қатар, бұлшықеттің өсуіне жауап береді. Ал бұлшық ет жастық шақты білдіреді. Түнде әйелдерде репродуктив гормондардың белсенді өндірісі жүреді", - деп түсіндірді дәрігер.
01:00-03:00 - бауырдың белсенді жұмыс істейтін уақыты. Адам уақытында ұйықтаса, онда осы уақытта бауыр өз қызметімен айналысады. Ол денені тазартады, қауіпті заттарды залалсыздандырады, мысалы, адамды онкологиядан қорғайды.
Адам ұйықтамаса, онда бауыр глюкоза шығарады және көмірсу алмасуын бұзады.
03:00-04:00 - мелатонин төмендейді, кортизол деңгейі жоғарылайды.
05:00-07:00 - тоқ ішектің белсенді жұмыс уақыты. Адам іш қатудан зардап шексе, ерте тұруы қажет.
06:00-07:00 - ұйқыдан тұратын керемет уақыт. Таңертеңгі сағат 6-да адамдардың көпшілігі өздігінен оянады.
Ұйқыдан тұрғаннан кейін 40 минуттан бір сағатқа дейін таңғы ас ішу керек. Бұл уақытта адамдар спортқа барады. Маманның сөзінше, бұл дұрыс шешім емес.
08:00 - таңертеңгі кортизол көп бөлінетін уақыт. Бұл уақытта адам міндетті түрде ұйқыдан тұруы керек.
10:00-14:00 - есте сақтау, назар аударуға жауап беретін прогормон белсенді болады. Бұл - өнімді жұмыс істеу үшін ең жақсы уақыт.
11: 00-13:00 - спортзалға баруға болады.
13:00-15:00 - аш ішектің белсенділігі. Түскі ас ішу керек, тамақ өте жақсы сіңетін уақыт.
15:00 - қатты шаршайтын уақыт.
16:00 - 18:00 - жұмысқа, фитнеске өте қолайлы уақыт.
17:00-19: 00 - бүйрек белсенді жұмыс істейді. Көбірек су ішкен дұрыс.
19:00-21:00 - гимнастика үшін ең жақсы уақыт.
20:00 - осы уақытқа дейін кешкі ас ішу керек. Ақуызға бай тағамдар - құс еті, балық, ет, сүзбе, қайнатылған көкөністер жақсы көмектеседі. Жемістер мен дәнді дақылдарды пайдаланбау керек. Аздап нан жеуге болады. Бұл уақыттан кейін асқазан-ішек жолдары белсенді жұмыс істемейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!