- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Дүркіретіп той өткізбейміз"....
"Дүркіретіп той өткізбейміз". Динара Сәтжан жеке өмірі жайлы құпиясын ашты
Фото:
Әлеуметтік желідегі парақшасынан
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жеке өмірі жайлы сыр шертіп, бүгінде арқа сүйер азаматы бар екенін ашық айтты., - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ALIBEKOVKZ Youtube арнасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, сүйіктісі алдағы уақытта үйленуге ұсыныс жасап қалуы мүмкін.
"Екінші жартымды тапқан сияқтымын. Жақын арада үйленуге ұсыныс жасайды деп ойлаймын. Оны алдағы уақытта көре жатарсыздар. Біз үйлену тойды дүркіретіп өткізбейміз. Өйткені бақыт пен махаббат тек тыныштықты жақсы көреді. Маған үнемі ер адамның үлкен болғаны ұнайтын, арамыз кем дегенде 5 жас болуы керек. Саусағыма жүзік тағылғанда ер азаматымды көрсетемін", –деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы