Осыдан екі жыл бұрын ғарышта дүниеге келген нәресте жайлы фантастикалық фильм түсірілді. Кинотеатрларда үздіксіз көрсетілген фильм көрерменнің көңіліне ерекше әсер ете алды. Бұл адам қиялынан туған АҚШ киногерлерінің айрықша туындысы еді. Өмірдің таңғажайыбы таусылсын ба?! Өмірде де шыр етіп бұл дүние есігінәуедеашқан жандар бар. Аспаннан салбырап түстің бе деп әңгіме арасында айтылатын әзіл сөз бұл оқиғадан кейін шындыққа жанасатын тіркеске айналғандай. Эд-Даммама қаласынан Коччиге бет алған Үндістанның Jet Airways лайнерінің бортында жүкті әйел толғатып, сол мезетте ұшақ ішінде босанды. Әуеде дүниеге келген бұл дүниенің қонағы жарық әлем есігін аша салысымен ерекше сыйлыққа ие болды. Мұндай оқыс оқиғаға тап болған компания шақалақтың аман-есен, қол-аяғы сау болып дүниеге келгенін ескеріп, нәрестеге өмір бойы ұшақ рейстерінде тегін ұшу мүмкіндігін сыйлады. Толғақ қысқан жас анаға борттағы фельдшер мен экипаж көмектескен. Сәбидің дауысы шыр еткенде, ұшақ жаңғырып кеткендей болды. Бұл нәрестенің жерде емес, аспанда дүниеге келуі тегін емес, дейді фельдшер Сара Брайн. Мұндай оқиғалар өте сирек кездеседі. Соңғы рет 2009 жылы Пенангтан Кучингке ұшып бара жатқан ұшақтың ішінде де осындай жағдай болған. Небәрі екі сағаттық ұшу кезінде дүниеге келген нәрестеге де өмір бойы ұшақпен тегін ұшу сертификаты табысталған еді.