Дүниежүзіне танымал дәулетті адамдардың 7 сөзі

Назарыңызға дүниежүзіндегі дәулетті адамдардың бизнес, қаржы, жетістікке қатысты ең танымал сөздерін жинақтап ұсынамыз.

1. "№1 ереже: Ақшаны ешқашан жоғалтпа. №2 ереже:  №1 ережені ешқашан ұмытпа", Уоррен Баффет.

2. "Біліміңізге инвестиция жасаңыз", Билл Гейтс.

3. "Кәсіпкерлер болашақты болжай алуы керек. Егер бұл қолыңыздан келмесе, болжай алатын адамды жұмысқа алыңыз", Джек Ма.

4. "Ақша – жұмыстың салдары ғана. Мен командама пайда туралы алаңдамауды ескертіп отырамын. Егер сіз жұмысыңызды жақсы істесеңіз, пайда өзі-ақ келеді", Бернар Арно.

5. "Тәуекел етпеудің өзі – үлкен тәуекел (қатер). Бәрі жылдам өзгеріп жатқан заманда сәтсіздікке тап болатын стратегия – тәуекел етпеу", Марк Цукерберг.

6. "Ең жақсы бастапқы капитал – еңбек", Марк Кьюбан.

7. "Кеше жеткен жетістік кешегі күннің ғана еншісі", Генри Форд