Ертең V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы сайысы жамбы ату өтеді. Спортшылар 8 қыркүйекте "Қазанат" ипподромы маңындағы этноауылда бәсекеге түседі.
Спортшыларымыз Жамбы ату спорт түрінің Мажар стилі бойынша бақ сынасады. Осылайша, Көшпенділер ойынының алғашқы жеңімпаздары анықталатын болады. Жалпы бұл сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысатыны белгілі болды.
Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетеді.
Айта кетейік, спортшыларымыз бұған дейін Әлем, Еуропа чемпионаттарында жүлделі орындарды иемденген.
Жамбы ату - ат үстіндегі дәстүрлі садақ ату спорты. Дәстүрлі ат үстінде садақ ату жарысы 4 стильде өткізіледі: корей стилі, түрік стилі, венгр стилі, қазақ стилі (жамбы ату). Команда құрамында 4 спортшы болады және әр стиль бойынша бір спортшы сынға түседі. Жарыс жолының ұзындығы – 100 метр, ені – 3 метр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!