- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ана атану
“Дүниеге қыз келді!“ Баян Мақсатқызы тағы бір қуанышын бөлісті
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының тұңғышы Айсәуле Бақытбек үшінші рет ана атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Бақыт! Бақыт! Бақыт!
Менің қызым үшінші рет ана атанды! Дүниеге қыз келді!" - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөліскен еді.
"1+1=5 болады... Құттықтауларыңызға рақмет! Соңында ештеңені жасырмай, эмоцияларым мен ойларыммен қайта бөлісе аламын", - деп жазған Айсәуле Бақытбек жақында өмірге үшінші сәбиін әкелетінін айтып, арнайы фотосессиядан контент жариялады.
Сонымен қатар танымал продюсер Баян Мақсатқызы ана атанғанын хабарлаған еді.
Кейінірек ол төртінші рет ана атанғанын жариялады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә