- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дүние жүзіндегі мыңнан...
Дүние жүзіндегі мыңнан аса қала 5G желісін пайдаланып отыр
Дүние жүзіндегі мыңнан аса қала 5G желісін пайдаланып отыр. Қазақстан осы жолдың басында тұр, - деп хабарлайды Finprom.kz.
2025 жылға қарай әлемде 5G желісін пайдалану деңгейі үш еседен аса артады. Интернеттің адамзат үшін ролі бүгінде баға жетпес. Қазақстандағы телекоммуникация секторының маңызды міндеттерінің бірі де осы - 5G ұялы байланысының бесінші буынын енгізу.
Әлем елдерінде 5G енгізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Statista мәліметтері бойынша, Қытай мен АҚШ басқа елдерден әлдеқайда озық: онда 5G 652 қаланы қамтыған. Оның 356-сы Қытайға, 296-сы АҚШ-қа тиесілі.
5g стандартын қосу бойынша көшбасшылар тізіміне Филиппин (98 қала), Оңтүстік Корея (85 қала) және Канада (84 қала) кірген. Үздік ондықта Испания, Италия, Германия, Ұлыбритания және Сауд Арабиясы бар.
Басылым мәліметінше, әлемде 5G-ге көшу түрлі жылдамдықпен жүреді. Мысалы, 2025 жылға қарай дамыған Азия-Тынық мұхиты аймағында 5G желісінің енуі 64 пайыз, Солтүстік Америкада 63 пайыз, Қытайда 52 пайыз, араб мемлекеттерінде 49 пайыз, Еуропада 44 пайыз болады.
Бұл ретте ТМД-да 5G көмегімен интернетке қосылу үлесі 2025 жылдың соңына қарай 9 пайыз деңгейінде болады деп болжанады.
Қазақстанда 5G желісін дамыту мен қосуда маңызды қадамдар жасалып жатыр. 2022 жылғы 22-23 желтоқсанда республикада 5G үшін радиожиілікке аукцион өткізілді. Жеңімпаз "Кселл" АҚ және "Теле 2", "Алтел" брендтерімен танымал "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС консорциумы болды. Аукционға тағы бір ұялы байланыс операторы Beeline қатысқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова