- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Дүнгендердің ауылынан жер...
"Дүнгендердің ауылынан жер берілген". Шәмші Қалдаяқовтың қыздарға арналған атақты әндерінің тарихы
Аты аңызға айналған композитор Шәмші Қалдаяқовтың қыздар қауымына арналған әндері көп. Соның ішінде "Дүнген қызы", "Сыған серенадасы" секілді әндері әлі күнге халық жадында. "Астарлы ақиқат" бағдарламасында осы әндердің шығу тарихы айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шәмші Қалдаяқов бір жылдары Жамбыл облысындағы дүнген ауылында тұрған кезі болған. Сол уақытта дүнген қызына арнапты.
"Шәмші Қалдаяқовқа дүнгендердің ауылынан жер берілген, ол кісі сол жерде тұрған. Сондықтан шыққан болуы керек. Бір жиналыста бір жігіт "аға, ән шығартсаңыз, Қадыр Мырзаәліге шығартыңызшы" депті. "Тамды аруының" сөзін Қадыр Мырзаәліге шығартқан", - дейді мәдениеттанушы Бердалы Оспан.
Күні бүгінге дейін біраз әншінің репертуарындағы ең танымал әнге айналған "Сыған серенадасы" туындысы да композитордың ғашық болған қызына арналыпты.
"Сыған серенадасы" деген әні бар ғой. Ол ұлы адам болған. Өнер адамы болған соң ізденеді ғой. Шәмші ағамыз - бір кездері сыған таборымен (тобымен - еск.) кетіп қалған кісі. Сол жерде біраз өмір сүрген. Сол кезде Изольда деген қызға ғашық болған. Изольда да ағамызға ғашық болған. Изольда "қосылайық" дегенде, Шәмші ағамыз "қосылуға болады ғой, бірақ жұрт бізді түсінбейді" депті. Содан кейін осы ән шығып, оның да сөзін Қадыр Мырзаәліге жаздыртқан", - дейді мәдениеттанушы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова