- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дүкеннен сүт өнімдерін...
Дүкеннен сүт өнімдерін алғанда неге мән беру керек? Диетолог жауап берді
Ас қорытуды нашарлатады, безеулер пайда болады, керек десеңіз ісінуге алып келеді. Қазіргі қанықтығынан қоспасы көп өнімдерден адам ағзасы "азап" шегіп жатады. Сөреден талғаммен табиғи таза өнімді таңдап алуда қиямет қайым. Сол себепті сүт өнімдеріне деген адамдардың көзқарасы әркелкі. Ал сүт шынымен ісінуді тудыра ма? Дүкеннен сүт өнімдерін алғанда неге мән беру керек? Бұл сұраққа диетолог маман жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Ісіну адамда ұзақ жүріс пен әуе сапарларынан кейін пайда болуы мүмкін. Кей пендеде ұйқыдан оянғанда ісіну белгілері болады. Капиллярларға қан ағымының жоғарылауы ісінуге алып келеді. Сонымен қатар тамаққа шамадан тыс тұз қосып жеу кезінде, артық натрий денеде суды сақтап ісінуге алып келеді. Алайда кейбіреулер ісінуге сүт өнімдерін кінәләйды. Көп жағдайда одан бас тартып жатады.
"Сүт өнімдерінен не үшін ісіну туындайды? Өйткені оның құрамында сүт қантынан бөлек қанттың өзге екі түрі және басқа да қоспалар бар. Сондықтан да алатын тағамыңыздың құрамын толықтай оқығаныңыз абзал. Онда сүт пен ашытқыдан басқа ештеңе болмауы керек", - дейді диетолог Регина Ахуньянова.
Маманның айтуынша, табиғи ашытылған сүт өнімдерінен қорқудың қажеті жоқ. Өйткені, бұл ақуыздың, май қышқылдарының, кальцийдің, сондай-ақ А, Е, Д витаминдерінің құнды көзі.
Ақуыздың жетіспеушілігі ісінудің себебі болуы мүмкін. Өйткені ол ағзадағы судың балансын сақтауға көмектеседі. Бірақта ақуызы бар өнімдерді дайындаған кезде қандай қоспа араластыратыныңызға мән беріңіз. Тұз бен қантты көп қоссаңыз пайдасы жоғалады. Сондықтан диетолог таңғы асқа жоғары сапалы сүзбе, табиғи йогурт және ірімшік қосуға және жеңіл тағамдарға жоғары сапалы сүзбе қолдануға кеңес береді.
"Үйде йогуртты өзіңіз дайындаңыз. Бұл өте қарапайым. Йогурт жасаушы құрал мен баяу пеш арқылы әзірлеуге болады. Түрлі жағақтар, кептірілген жемістер қосуға болады", - дейді диетолог.
Дәрігердің айтуынша, ең бастысы қалыпты мөлшерлемеде зиянды қоспалары жоқ жоғары сапалы сүт өнімдерін таңдау.
Сонымен қатар, диетологтар тіпті лактозаға төзімсіздігі бар адамдар да жағымсыз белгілерді сезінбестен күніне үлкен стақан сүт ішуге болатынын айтады. Тек қымбат ешкі сүтін ғана емес, сонымен қатар айтарлықтай қолжетімді сиыр сүті де пайдалы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Зинешов