Астанада дүкеннен ішімдік ұрлағандар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада масаң күйде болған екі жігіт супермаркеттен құны 100 мың теңгеден асатын бірнеше виски ұрлаған. Күдікті жігіттер дүкенге сатып алушы ретінде кіріп, ашық тұрған сөреден 8 бөтелке алкогольдік ішімдікті пакетке салып, еш кедергісіз шығып кеткен. Қаскүнемдердің барлық әрекеті бейнебақылау камераларына түскен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері күдікті екі жігітті анықтады. Олар жасаған іс-әрекеттерін мойындады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда олардың елорда аумағында тіркелген басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Астана қалалық полиция департаменті сауда орындарында мұқият болуды және қауіпсіздік шараларын сақтауды, күзет жүйесін күшейтуді ұсынады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!