- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- прокурор Айжан Аймағанова
“Дүкенге де бармаймын“. Прокурор Аймағанова Бишімбаев ісінен кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова қоғамда резонанс тудырған істен кейін өмірі қалай өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Әйел әлемі" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.
Үлкен талқыға түскен істен кейін танымал болған прокурор Аймағанова көшеде жүргенде елдің бәрі танып, түрлі реакция беретінін айтты.
"Мектептегі ата-аналар мені көріп, "Айжан ханым, сіз қарапайым адам екенсіз" дейді. Мен оларға "иә, мен де қарапайым ата-анамын" деп күліп жауап беремін. Қазір мен дүкенге де бармаймын. Нанға, сүтке бару керек болса, қыздарыма айтамын. Өйткені көрген адамдар суретке түсейік деп өтініш білдіреді. Мен жұлдыз емеспін ғой. Мен жай ғана прокурормын. Сондықтан бұл маған ыңғайсыз жағдай", - дейді ол.
Сондай-ақ ол үйде қарапайым ана екенін, күнде таңертең балаларын мектепке таситынын айтты. Десе де, жұмыстың қарбаластығымен кейде үй шаруасына үлгере алмай кететінін де қоса кетті.
"Үйде балаларыма анамын, жұбайымның жарымын. Күнде таңертең екі баламды мектебіне тасимын. Бір баламды жолдасым апарады. Жұмысым оңай емес екенін бәріңіз білесіздер. Кейде тым қарбалас жұмыстан үй шаруасына да қолым тимей кетеді", - деді ол.
Айта кетейік, Айжан Аймағанова — Қазақстанның белгілі прокуроры, әсіресе Қуандық Бишімбаевтың ісімен танылды. Ол бұл істі қарау кезінде мемлекеттік айыптаушы қызметін атқарып, қоғамның назарын аударды. Аймағанова өзінің кәсібилігімен және батылдығымен ерекше көзге түсті. Қазіргі уақытта ол Астана қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарады. Биыл подполковник шеніне көтеріліп және Республика күніне орай "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Литпин