Қытайдың Цзянси провинциясындағы дүкенде өрт болып, 39 адам қаза тапты, 9 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
24 қаңтарда сағат 15:30 шамасында (жергілікті уақыт бойынша) Цзянси провинциясының Синью қаласының Юшуй ауданындағы көше дүкенінде өрт шыққан. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Өрттің себебі әлі анықталған жоқ.
Басылым кейінгі уақытта Қытайда адам шығынына әкеп соғып жатқан өрт жиілеп кеткенін жазды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!