Өскеменде дүкендердің бірінде ер адам баланы тұншықтырып өлтіре жаздады, - деп хабарлайды Аltaynews.kz сайты.
Оқиға туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде хабарлады. Әйелдің айтуынша, дүкенде тұрған ер адам алдымен баланы балағаттап, кейін оның тамағынан ұстап алып қылқындырған, бірақ айналасындағылардың айғайынан кейін жіберген. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Балаға тиіскен психикалық аурумен ауыратын 1968 жылы туған ер адам болып шықты.
"Осы өтінішке сәйкес, аталған тұлға анықталып, психоневрологиялық диспансердің бөлімшесіне жатқызылды", - деді ШҚО ПД өкілі.