- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дүкенде ақшаны Samsung...
Дүкенде ақшаны Samsung телефондарымен төлеуге болады
Фото:
http://10pix.ru/
Samsung компаниясы дүкенде телефонмен есеп айырысуға мүмкіндік беретін сервис жасап шықты, - деп хабарлады BBC News.
Ақша төлеу үшін тұтынушы дүкеншіге телефонын ұсынуы керек. Арнайы құрылғы телефоннан керекті ақшаны алып қалады. Жаңа функция Galaxy S6, Galaxy S6 Edge, Galaxy S6 Edge+ және Galaxy Note 5 телефондарында ғана бар.
Тұтынушылар телефонын ақша төлеу терминалына жақындатқаннан кейін өздерінің пин-кодын теруі керек немесе саусағының ізін басып көрсетуі керек. Аппарат 15 секунд ішінде қажетті соманы алып қалады.
Жаңа қызмет АҚШ-та 28 қыркүйекте қосылады. Одан кейін Испания, Ұлыбритания, Қытай азаматтарында да қолдануға мүмкіндік болады.
М. Бисембаева