Астанада домбыра үйірмесіне қатысатын балалардың ата-аналарынан полицияға ұжымдық арыз түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша 32 жастағы ер адам ата-аналардың сеніміне кіріп, үйірме тәрбиеленушілерін байқауға қатыстыру үшін Дубайға апаруға уәде еткен.
Ол осы сылтаумен азаматтардан әртүрлі мөлшерде ақша алған. Қазір осындай 11 дерек анықталған.
"Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Ақша бермес бұрын ұсынылған ақпараттың шынайылығына көз жеткізу, құжаттар мен қызмет көрсету шарттарын мұқият тексеру қажет", - деп ескертті полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз