30 қыркүйекте таңертең Дубайдан Тель-Авивке бағыт алып, Сауд Арабиясына шұғыл қонған flydubai рейсіндегі тосын оқиғаға қатысты жаңа дерек белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Ұшу кезінде ұшақ алдымен апат жағдайындағы 7700 кодын, кейін әуе кемесі басып алынғанын білдіретін 7500 кодын жіберген. Осыған дейін ұшақ 30 секундқа жетер-жетпес уақыт ішінде төрт шақырымнан аса биікті жоғалтқан. Бұдан кейін лайнер бағытын өзгертіп, Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы Табук қаласына бет алған.
Ұшақ Табукке аман-есен қонған. Associated Press мәліметінше, әуе кемесінің командирі мен екінші ұшқыш жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Израиль премьер-министрінің кеңсесі жағдай бақылауда екенін мәлімдеді. flydubai өкілдері әзірге рейсте оқиға болғанын ғана хабарлап, мән-жайды анықтау үшін билік органдарымен жұмыс істеп жатқанын айтты.
Оқыс оқиғадан кейін желіде ұшақ ішінде түсірілген сурет пен видеолар пайда болды. Кейбір кадрларда жолаушылар ұшқыштар кабинасына қарай жүгіріп бара жатқаны, ал енді бірінде киімдерінде қан іздері бар адамдар көрінеді.
Times of Israel кабина маңында жатқан үсті-басы қан ер адамның видеосын жариялады, басылым оның ұшақ командирі екенін жазды. Жанында еденде байланған экипаж мүшесі көрінеді.
🚨🇮🇱🇦🇪 WARNING GRAPHIC: FlyDubai pilot pictured lying on the floor after a terrifying mid-air cockpit attack... Passengers describe pure horror as the co-pilot brutally attacked the captain, sending the plane into a steep dive before crew and passengers regained control. Israeli officials say "a very serious disaster was averted.” Investigators are now probing whether the co-pilot deliberately tried to crash the plane... Writer: Bri https://t.co/sIZb6biBKA
— Mario Nawfal (@MarioNawfal) September 30, 2026
Жолаушылардың бірі ұшақ қонғанға дейін видео түсіріп алған. Ол жағдай бақылауға алынғанын, ұшқыштардың бірі ауыр жараланғанын, ал ұшақ Сауд Арабиясына қонуға дайындалып жатқанын айтқан.
🚨🇮🇱🇦🇪 WARNING GRAPHIC: FlyDubai pilot pictured lying on the floor after a terrifying mid-air cockpit attack... Passengers describe pure horror as the co-pilot brutally attacked the captain, sending the plane into a steep dive before crew and passengers regained control. Israeli officials say "a very serious disaster was averted.” Investigators are now probing whether the co-pilot deliberately tried to crash the plane... Writer: Bri https://t.co/sIZb6biBKA
— Mario Nawfal (@MarioNawfal) September 30, 2026
Куәгерлердің сөзінше, ұшақтың алдыңғы бөлігінен айқай шыққаннан кейін лайнер шұғыл төмендей бастаған. Салонда дүрбелең туындап, кейбір жолаушылар дұға ете бастаған.
Куәгерлердің айтуынша, бортта жолаушы ретінде ұшып бара жатқан тағы екі ұшқыш болған. Олар оқиғадан кейін ұшақты басқаруға көмектескен.
Қандай нұсқалар тексеріліп жатыр?
Кейінгі мәлімет бойынша Израиль қызметтері қасақана шабуыл жасау нұсқасын қарастырып жатыр. Reuters Израиль шенеуніктеріне сілтеме жасап, "екінші ұшқыш командирге пышақ жарақаттарын салған болуы" мүмкін екенін хабарлады.
Сондай-ақ, ол ұшақты жалғыз басқармақ болып, әдейі жерге қарай бағыттаған болуы мүмкін деген нұсқа тексеріліп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша болған оқиға ықтимал теракт әрекеті ретінде де қарастырылып жатыр. Нақты себебі әзірге анықталған жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова