Дубай шоколады неліктен танымал? Аспаз пікірі

Дубай шоколады неліктен танымал? Аспаз пікірі
Фото: depositphotos.com

Биыл дубай шоколады шынымен де танымал болып кетті. Біреулер оның дәмін үйлесімді санаса, басқаларға ол тым тәтті көрінді. Ал біреулер оның салындысының көп екенін айтады. Десе де, ол - қазір ең көп талқыланып жатқан десерттің бірі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кондитер Борис Мизуров "Известия"-ға берген сұхбатында дубай шоколадының танымал болып кетуі маркетинг жемісі екенін айтты.

"Бұл маркетингтің нәтижесі. Негізі дубай шоколады нарықта 2021 жылы пайда болды, бірақ танымалдылыққа биыл ие болды. Бұл жерде әлеуметтік желілердегі вирустық әсер рөл ойнап кетті. Не нәрсенің трендке айналатынын, ал не нәрсенің назарсыз қалатынын алдын ала білу қиын", - дейді ол.

Кондитердің айтуынша, шоколадтың эстетикалық түрі де оның танымал болуына әсер етті. Шоколадтың бағасы қымбат болғандықтан, адамдарға блогерлердің шоколад дәмімен бөліскенінің өзі қызық.

"Оның құрамында айтарлықтай ерекше ештеңе жоқ, оның салындысы катаифи қамырынан, пісте және күнжіт пастасынан тұрады. Дубай шоколадының ағзаға әсері басқа шоколадтармен бірдей: оның құрамында аса зиян ештеңе жоқ. Бірақ оны көп мөлшерде жеуге болмайды. Қантты денсаулыққа пайдалы өнім деп айта алмаймыз, алайда танымал шоколадтың дәмін көруден бұл үшін бас тартудың қажеті жоқ" - дейді Мизуров.

Оқи отырыңыз: TikTok-та танымал болып кеткен дубай шоколадын кім ойлап тапты?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова