Желіде "ең қымбат тойдың" видеолары тарады. Онда қымбат сыйлықтар таратылып, әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен. Бұл - экс-депутат Мақсат Раманқұловтың 50 жас мерейтойы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл тойға келген қонақтарға автокөлік, пәтер, Дубай мен Италияға жолдама, IPhone маркалы 10 телефон, иіссу, сондай-ақ, басты сыйлық Астанадан пәтер сыйланған. Сыйлықтар лоторея арқылы таратылды.
Айта кетейік, Астанадағы пәтерді әнші Мұқасан Шахзадаевтың әйелі ұтып алды.
Тойда МузАРТ, Raim, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Өзбекстанның әншілері, Ресейден келген "Мираж" тобы, Германиядан келген Bad Boys Blue тобы өнер көрсеткен.
Ал қонақтар арасында өнер жұлдыздары мен шенеуніктер, тіпті Иманғали Тасмағамбетов те бар.
Тойды жүргізген асаба Руслан Ысқақовтың айтуынша, тойға 2 ай дайындалған. Мерейтой итальян стилінде өткен.
Мақсат Раманқұлов - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты. Ол 1974 жылғы 21 мамырда дүниеге келген. Еңбек өтілі 1997 Шымкент көлік прокурорының көмекшісі ретінде басталған, кейін Оңтүстік-Шығыс көлік прокуратурасының ішкі қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры, BGМ ЖШС директоры, Mabex Trade LTD ЖШС жеке құрылыс компаниясының бас директоры қызметін атқарды.
Бұдан басқа, Қазақстан ММА аралас жекпе-жек федерациясы Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, "Тоғызқұмалақ" халықаралық спорт федерациясының вице-президенті.
Ол VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің "Ақ жол" Демократиялық партиясынан сайланған депутаты болды. "Құрмет" орденінің иегері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!