Дубай халықаралық әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты

Дубай халықаралық әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты
Фото: Видео кадры

Дубай халықаралық әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл әуежайға дрон шабуыл жасағаны туралы ақпараттан кейін белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде шабуылдың болжамды видеосы тараған еді.

Видеода ұшқышсыз аппараттың құлап бара жатқаны, одан кейін жарылыс болып, қою түтін шыққаны көрінеді.

Оқиғаны видеоға түсірген куәгер болған жайтты эмоциямен баяндаған. Оның айтуынша, дрон әуе кемесіне тура тиген.

Дубай үкіметінің медиа-кеңсесі әуе айлағының жұмысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

"Жолаушылардың, әуежай қызметкерлерінің және әуе компаниялары экипаждарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Дубай халықаралық әуежайындағы (DXB) операциялар уақытша тоқтатылды. Барлық рәсім белгіленген қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес жүргізіліп жатыр", - делінген таратылған хабарламада.

1 наурызда Дубай халықаралық әуежайына дронмен соққы жасалған болатын. Соның салдарынан төрт адам зардап шеккен.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget