- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Дуалайды деп айыптады"....
"Дуалайды деп айыптады". Араздасқан танымал адамдар кімдер?
Танымал адамдардың өмірі әрқашан халық назарында екені белгілі. Сондықтан жұлдыздарға қатысты даулы мәселе бірден ел ішіне тез тарап үлгереді. Massaget.kz тілшісі араздасқан, дауласқан қандай танымал адамдар бар екеніне шолу жасады.
Ашуға берілген кім?
Шоу-бизнесте даулы мәселе болса, оның бір ұшы Төреғали Төреәліге тиіп жатады. НТК телеарнасының мәліметінше, "Ұлы дала баласы" фильмінің таныстырылымында әншінің әкесі ашуға берілген. Хитменге қойылған журналистердің сұрақтарының кейбірі оның әкесіне жақпай қалған екен.
"Неге Төреғалиден қайта-қайта сұрап жатырсың? Неге "қадалған жерден қан алайын" деп тұрсың?!" - деген еді продюсер Төреәлі Төлепов.
Журналиспен араздасқан кім?
Әнші Төреғали Төреәлінің өзі де түсірілімдердің бірінде журналиспен араздасып қалған еді. Оқиғаның видеосы Желіде тарады.
"- Қолыңды түсіре ғой.
- Неге?
- Болмайды олай.
- Неге болмайды.
- Болмайды ол, өзің үшін ғой.
- Бермеймін мен", - дейді видеодағылар.
Сотқа дейін жеткен кім?
Ләйлә Сұлтанқызы әзілкеш Нұрболхан Шараповты сотқа берген еді. Оның адвокаттары бұл жайтқа Ләйлә Сұлтанқызы жайлы көрінеу жалған мәлімет тарату және ар-намыс пен абыройға нұқсан келтіретін пікірлер айту себеп болғанын жеткізген еді.
"Конституцияның 17-бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Жеке адамның қадір-қасиеті жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін Қылмыстық кодекстің нормаларымен қорғалады. Олардың арасында жала жабу және адамды қорлау. Егер адамның "пікірі" болса, онда ол басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын шеңберден шықпауы тиіс", - деп мәлімдеген еді Ләйлә Сұлтанқызының құқыққорғаушылары.
Сотқа шағым түсіргенін Instagram желісінде Ләйлә Сұлтанқызының өзі де жазған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, адамның ар-ұжданына тиіп, намысын табалауына ешкімнің құқығы жоқ.
"Қандай бағдарлама жүргізсем де, оған қатысқан адамдардың жеке пікіріне байланысты, жалпы бағдарлама жайлы кез келгеннің ой қосуына, пікір білдіруіне, наразы болуына ҚҰҚЫҒЫ БАР! Кімді қолдайсыз, кімді қолдамайсыз ол да сіздің өз еркіңіз, ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ! Бірақ, менің жеке басыма өтіп, адамның ар-ұжданына тиіп, намысын табалауына ешкімнің ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ! Сол себепті, ендігі кезек сот процесінде. Келесі постта адвокаттарымның ресми жауабын бөлісемін... Абзал Құспан, сізге рақмет, - деп жазған еді ол бірнеше жыл бұрын.
"Дуалайды" деп айыптаған кім?
Айгүл Елшібаева психолог Құралай ханымға қатысты да Желіде түрлі жазба жариялаған еді. Ол блогерді түрлі курстар арқылы халықты алдап отыр деп айыптаған болатын.
"Құралай ханым" деп өзіне ат қойған психологтың өзіне ғана жасалатын абжат туралы ақиқатын тыңдаңдар, қатын-қалаштар. Бердияр Қари абжат ілімімен есептеп жасап берген дұға, сүрелер дәптерін таза жолмен жолың ашылсын деп Құралайға бергенде, оқырмандарына сатып бизнес жасайтынын білмеген шығар? Абжатты жеке адамдарға жасалатын дәптер екенін біле тұра, ақылы сабақтарында 40 күн дұға оқимыз" деп елді алдағаны не сұмдық?", - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Nur.kz мәліметінше, Айгүл Елшібаева оның дуа мен сиқырды пайдаланатынын жазған.
"Қазір екінің бірі еңбек етпей-ақ, тез байып кетуді армандайды. Құралай үшін мұндай әйелдердің көптігі үлкен олжа. Себебі ол дуа мен сиқырды, сайтани әрекеттерді пайдаланып, будда іліміндегі гипноздарды қолданып, мыңдаған қыз-келіншекке ақыл айтып, табысқа кенеліп отыр. Ол өзі будданы ұстанатын Наталья Правдинаны құдайындай көреді. Instagram-да осы тақырыпты көтерген соң, маған келген хаттың санында есеп жоқ. Көпшілігі Құралайдың лекциясынан кейін талай қыз-келіншектің шығынға батқанын, жақынынан айырылғанын, тіпті, кейбіреулерінің өздері о дүниелік болғанын жақындары жазып жатыр", - деген ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова