Биыл маусымнан бері "Қарасора-2025" операциясы өткізіліп жатыр. Операция барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақтар қолданылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үш ай ішінде тікұшақтар 40 рет ұшып, нәтижесінде 20 есірткі егістігі анықталған. 5 мыңнан аса есірткі өсімдігі жойылып, 1 тоннадан аса салмақта есірткі тәркіленген.
"Ұлытау облысында есірткіні еліміздің оңтүстік өңірлерінен орталық және солтүстік аймақтарға жеткізу арнасы әшкереленді. Құрамында төрт адам бар қылмыстық топ ұсталды. Олардан жол талғамайтын көліктер, оқ-дәрілері бар атыс қаруы және таратуға арналған 103 келі марихуана тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!