Иран Израильді Исфахан провинциясындағы әскери нысанға дронмен шабуыл жасады деп ресми түрде айыптады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Тегеранның БҰҰ-дағы өкілі мәлімдеді. Ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерришке жазған хатында ол шабуылға "сионистік режим" кінәлі деп жазған.
ISNA агенттігінің айтуынша, Иран "кез келген жерде, уақытта және кез келген қоқан-лоқыға жауап беруге құқығы бар".
Ал бұған дейін америкалық БАҚ шабуылға Израиль кінәлі деп хабарлады. Тель-Авивтегілер мұны растаған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!