Дрон заңсыздықты түсіріп алған: Түркістан облысында әкім қызметінен босатылуы мүмкін

Түркістан облысында жер қойнауы заңсыз пайдаланылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дрон көмегімен Сауран ауданы аумағындағы Құрсай өзені бойында жер қойнауының тұтастығын бұзып, кең таралған пайдалы қазбалар (құм-қиыршықтас қоспасы) заңсыз өндірілгені анықталды.

"Жер қойнауын заңсыз пайдалану - халық наразылығын тудыратын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін факторлардың бірі. Заңсыз жасалған меморандум бұзылып, тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкіміне қызметінен босату жазасы ұсынылды, аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!