"ҚазТрансОйл" АҚ "Транснефть" мұнай базасына жасалған шабуылға және "Достық" мұнай құбырына жасалуы мүмкін шабуылға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Транснефть" ЖАҚ "Достық" магистраль мұнай құбыры зардап шекпеген. Бұл құбыр арқылы Қазақстан мұнайы "Адамова застава" мұнай тапсыру пунктіне жіберіледі, әрі қарай Германияға жеткізіледі.
"Соққы мұнай базасына және жанар-жағармай материалдарына бағытталды. "ҚазТрансОйл" компаниясы "Транснефтьпен" байланысқа шықты. Алынған мәліметтерге сәйкес, соққы негізінен жанар-жағармай нысандарына жасалды, мұнай құбырларына соққы бағытталған жоқ, бұл көлем Германияға жеткізіліп жатыр", – деп түсіндірді компания өкілдері.
Айта кетейік, 2023 жылы осы құбыр арқылы Германияға тасымалданған мұнайдың жалпы көлемі 993 мың тонна болды. Бұл транзит Қазақстан мен РФ Үкіметтері арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады.
Бұған дейін ресейлік мұнай зауыттарына дрондар шабуыл жасаған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!