Дрон құлаған: Тоқаев Әзербайжанға қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптады

Дрон құлаған: Тоқаев Әзербайжанға қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды. Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп тергелетініне, сондай-ақ, екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Ираннан ұшырылған дрон Әзербайжан аумағына құлағаны хабарланды. Нахчыван қаласындағы әуежай аумағында дрон жарылған, салдарынан өрт шыққан. Кейбір БАҚ мәліметінше, терминал ғимараты зақымданған. 

Кейін Иран Әзербайжанға қарай дрон ұшырылғанын жоққа шығарды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget