Ақтөбеде Қазақстан Ғарыш сапары спутник түсірілімдерін және дронды пайдалану арқылы заңсыз қоқыс алаңдары анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана ауданында 15, Алматы ауданында 17 заңсыз қоқыс алаңы тіркелген. Өңір прокуратурасы мәліметінше, осы жайттар бойынша Астана және Алматы ауданы әкімдерінің орынбасарлары әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қала әкіміне заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілген.
"Алдағы уақытта осындай жұмыстар облыс аудандарында да жалғасын табады. Облыс тұрғындары мен қонақтарын экологиялық заңнама талаптарын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамыз", - деді құзырлы орган өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!