Досымжан Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды

Досымжан Таңатаров Астана қаласы әкімдігінің "Жастар театры" директоры лауазымына тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Әділ Ахметов атқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген.

Мәдениет қайраткері,  "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі ансамблінің солисті, президент оркестрі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бастап Жастар театры директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!