“Досымен бәстесіп, көлік жүргізу шеберлігін дәлелдемек болған“. Тараз тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды

Таразда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Патрульдік полиция қызметкерлері қауіпті дрифт жасаған Mercedes көлігінің 28 жастағы жүргізушісін ұстады. Жүргізушінің айтуынша, досымен бәстесіп, көлік жүргізу шеберлігін дәлелдеу мақсатында дрифт жасап, оны видеоға түсірген.

Оған жол жабынын бүлдіргені және тыныштықты бұзғаны үшін заң аясында шара қолданылды.

"Сот шешімімен жүргізуші 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деді полиция.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!