Досымен балыққа шыққан: Павлодар облысында жоғалған балықшы өлі табылды

Досымен балыққа шыққан: Павлодар облысында жоғалған балықшы өлі табылды
Фото: depositphotos.com

Павлодар облысында жоғалған балықшы өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

3 мамырда Екібастұз қаласына қарасты Шиқылдақ ауылы маңында, академик Сәтбаев атындағы каналда 1963 жылы туған ер адам жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша ол 2 мамырда досымен бірге балық аулауға шығып, содан кейін байланысқа шықпаған. Оқиға орнына жедел түрде Павлодар облысы ТЖД жедел құтқару жасағының күштері жіберілген.

"Құтқарушылар арнайы жабдықтар мен моторлы қайықты пайдаланып, су айдынын тексерді. Жағада да іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Су айдынына әуеден мониторинг жүргізу барысында ұшу аппаратының көмегімен резеңке қайық табылды. Қайық маңында 5 метр тереңдіктен ер адамның сүйегі анықталды. Сүйек Екібастұз қаласының полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget