- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Досым мұндайға лайық...
"Досым мұндайға лайық емес еді". Павлодарлық әйел құрбысының жігітін пышақтап тастаған
Павлодарлық әйел құрбысының жігітін пышақтап тастаған, қазір ол жасаған қылмысы үшін жазасын өтеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлады. 2021 жылы мамыр айында әйел адамға құрбысы мен оның жігіті қонаққа келген еді. Олар ішімдік ішкен.
"Оның танысы оңға-солға жүрген жалқау адам. Ол құрбымның ақшасына өмір сүрген. Оған бүкіл киімді алып беретін. Бұл жағдай мені ашуландырған, өйткені менің досым мұндайға лайық емес еді", - деп түсіндірді Олеся (аты өзгертілген).
Құрбысының танысы мен Олеся сөзге келісіп қалып, араларында жанжал шығады. Төбелес кезінде ол пышақ алып, құрбысының жігітіне пышақ сұққан.
"Мен күйзелісте болдым. Әрине, ішімдіктің те әсері болды. Кінәмді мойындадым, - дейді Олеся.
37 жастағы әйелдің ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") 4 жылға бас бостандығы шектелген. Ол қазір Павлодардың пробация қызметінің есебінде тұр.
"Сотталушымен тұрақты әңгімелесу жүргізіледі. Сондай-ақ инспектор тұрғылықты жері бойынша тексереді. Есепке қойылғаннан бері онымен психолог жұмыс істейді", - дейді Павлодардың пробация қызметінің бастығы Дамир Айдаров.
Әйел ресми түрде жұмысқа орналасқан. Жәбірленушіге моральдық шығынды да төлеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан