- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Досым берген сөмке":...
"Досым берген сөмке": Алматыда ер адам тыйым салынған затпен ұсталды
Алматы полицейлері 34 жастағы ер адамнан 29 ақбөкен мүйізін тәркіледі. Тәртіп сақшылары Әуезов ауданын тексеру кезінде күдікті екі ер адамды байқаған. Олардың бірі полицейлерді көріп қашып кеткен. Екіншісі сөмкемен ұсталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Оның ішінде полиэтиленге оралған бөкендердің мүйіздері болған. Бірақ ұсталған адам бұл өзіне де күтпеген жағдай болғанына сендірген.
"Досым берген сөмке, апарып беруім керегін айтты. Тегін білмеймін", - дейді күдікті.
Ұсталған адам барлық мән-жайды анықтау үшін Әуезов ауданының полиция басқармасына жеткізілген. Екінші күдіктіні іздеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, полицейлердің сөзінше, базарда ақбөкеннің бір мүйізі шамамен 2 миллион теңге тұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова