Ақтөбеде сыра ішіп алған ер адам көлікпен досын әуежайға жеткізген. Мас жүргізушінің кінәсінен жол апаты болып, атыраулық тұрғын қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.
Оқиға Ақтөбедегі Сәңкібай батыр даңғылында болған. 34 жастағы Nissan XTrail жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарсы келе жатқан көлікке жол бермей, жол белгілері мен қоршауларға соғылған.
Nissan XTrail көлігінің жүргізушісі жарақатпен ауруханаға түсті, ал оның әуежайға алып бара жатқан жақын досы оқиға орнында қаза тапты. Nissan жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарған, ол рөлге отырмас бұрын досымен сыра ішкен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!