ҚХР төрағасы Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанына тағы да куә болғанын атап өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазақ халқы анағұрлым қуатты әрі өркендеген жаңа Қазақстан құратынына сенім білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ежелгі "Жібек жолынан" тамыр тартатын елдеріміздің достығы мыңдаған жылдар бойы үздіксіз нығайып келеді. Дипломатиялық қатынастар орнаған 32 жыл ішіндегі ынтымақтастық нәтижесінде екіжақты байланыстарымыз мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің бұрын-соңды болмаған деңгейіне көтерілді. Оның арқауы – мәңгілік достық, өзара сенім мен ынтымақтастық. Халықаралық жағдай қалай құбылса да, достықты сақтауға ұмтылысымыз, сан қырлы ынтымақтастықты дамытуға деген табандылығымыз, негізгі мәселелер бойынша бір-бірімізді өзара қолдауға бейілділігіміз және ұлттық даму міндеттерін орындауға сеніміміз өзгермейтінін растағым келеді, – деді Си Цзиньпин.
ҚХР төрағасы Қазақстанның халықаралық аренадағы орта держава ретіндегі конструктив рөлін қолдады.
Кездесу барысында тараптар электронды коммерция, автомобиль мен автобөлшек өндірісі, көлік-транзит және логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы, туризм салаларындағы инвестициялық ықпалдастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Екі ел басшылары сауда-инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру үшін тиісті механизмдер бар екеніне тоқталып, Қазақстан мен Қытай үкіметтері қазір және келешекте бизнес-жобалардың табысты жүзеге асырылуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин өңіраралық кооперация мен мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастықты тереңдету жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Астанада Бейжің Тіл және мәдениет унверситеті филиалы мен "Лу Бань шеберханасының" ашылуын қолдап, екі елдің ғылым және білім салаларындағы байланыстарының кеңеюі екі елдің мүддесіне сай келетінін айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз