Астанада 17 жастағы бала Есілді бір жағынан екінші жағына жүзіп өтемін деп достарымен бәстесіп, суға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астананың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 12 маусымда болған. 2007 жылы туған бала достарымен бәстескен.
12 маусымда сағат 19.02-де Астана ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 17 жастағы баланың денесін алып шыққан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!