"Достар, көмек керек боп тұр". Жахан Отарғалиев жанашыр адамдардан көмек сұрады

Танымал актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде жанашыр достарынан көмек сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жанашыр достар, бір көмек керек болып тұр. Жалпы менен қандай контент күтесіздер? Осы сұраққа біреуіңіз қалмай жауап берсеңіздер күшті болатын еді", - деп жазды Жахан Отарғалиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сонымен қатар блогер сұрақтың бірнеше ықтимал жауабын ұсынған. Олардың қатарында "мама екеуіміз, "мотивация", "әзіл", "рухани тақырып" бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!