Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті. Онда қаланың бұрынғы бас архитекторы Алмасхан Ахмеджановтың кінәсі дәлелденсе, "әкім отставкаға кете ме?" деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Егер ол кінәлі деп танылса, ал ол - сіздің қол астыңыздағы қызметкер және жаңа заң бойынша қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзса, басшы қызметінен кетуі керек. Отставкаға кетер ме едіңіз?" - деген сұрақ қойылды.
"Жоқ, қылмыстық іс қозғалған кезде ол менің қарамағымда қызметкер емес еді", - деп жауап берді Досаев.
Еске салайық, Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджановқа қатысты сот процесі жүріп жатыр. Ол ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін күдікке ілініп, оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыптар тағылды. Ал айыпталушы кінәсін мойындамайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!