Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі бойынша жедел штаб жиналысын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаланың тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйелері қосылған.
Қалалық полиция департаменті штаттық режимде жұмыс істейді.
Барлық мектептер мен балабақшалар ашық, халықты жинау пункттері жұмыс істейді.
"Жедел медициналық жәрдем қызметі және барлық көп бейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Сенімсіз ақпаратқа сенбеуіңізді және таратпауыңызды сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін Алматыда 5 балл жер сілкінісі болған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!