- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Досаев алматылықтар тарапынан...
Досаев алматылықтар тарапынан айтылған сынды қалай қабылдайды? Әкімдік жауабы
2023 жылы қала әкімдігі 1886 жеке қабылдау өткізсе, оның 36-сында ғана қала әкімі қатысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "BES.media" сілтеме жасап.
Мәселенің мән-жайы
Алматы әкімі Ерболат Досаев "қаланы дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде тұрғындардың конструктивті сындарын пайдаланады", - деп хабарлады жергілікті әкімдік.
Толығырақ BES.media редакциясы әкімнің атына жолдаған ресми сауалында Досаев алматылықтардың өз атына айтылған сынды қалай қабылдайды деген сұрағын жолдады.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі конструктивті сынды әкімнің назарға алатынын және қазірдің өзінде тек E-Otinish арқылы оның атына 45,6 мың хат түскенін хабарлады.
"Қалалық аудандарда өткен жиындарда және Алматы әкімінің жеке қабылдауларында айтылған конструктивті сындар, азаматтардың ұсыныстары мен тілектері, олар жалпықалалық мәселелерге қатысты болса, даму бағдарламаларын әзірлеу кезінде ескеріледі.
Айта кету керек, бекітілген кестеге сәйкес, Алматы әкімі айына бір рет азаматтар үшін жеке қабылдау өткізеді", - делінген әкімдіктің жауабында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә