- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Дос, сырлас болдық"....
"Дос, сырлас болдық". Күлпаш ролімен танымал актер әйелімен қалай танысқанын айтты
Көпшілікке Күлпаш ролімен танымал, актер, продюсер, "Шымкент шоу" театрының директоры Берік Тұрсынбеков "Менің өмірім" бағдарламасында әйелімен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, жұптың 3 баласы бар.
"Шымкент шоудың конкурсы болып жатқанда жастар шақырылған. Мен де барып қатыстым. Марат Сақатов ағамыздың автобус жайлы монологын оқыдым. Шымкентте 34-автобус бар еді, соған икемдеп алып оқыдым. Мен сахнада тұрғанда Қарлығаш есік ашып кірген. "Өзбек пе, түрік пе, қазақша зулап тұр ғой" деп ойлаған. Екеуміз де конкурстан өттік. Сол театрда таныстық. Дос, сырлас болдық. 1 жылдан кейін достық махаббатқа ұласты. Бір қызығы, екеуміз де дүниеге қызықпаймыз. Аш жатқан кезіміз болды. Үйленгеннен кейін келесі күні тапсырыс алып алғанбыз", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек