Желіде корей халқымен құда болған қазақстандықтардың тойы қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
TikTok-та тойдағы бірнеше видео тараған. Видеодан той Кореяда өткенін байқауға болады. Желіде тараған видеодағы ақпаратқа сәйкес қалыңдық Маржан - Қызылорданың тумасы.
Видеолар TikTok-тағы @koreanbyaijan парақшасында тарады.
@koreanbyaijan Корей ханбогы мен Қазақ қамзолы❤️ #хочуврекомендации #хочувреки #корея #southkorea #korea #gumi #хочувтоп ♬ оригинальный звук - KoreanbyAijan
Сонымен қатар, тойда қазақша өлеңдер де қойылған. Видеода Маржан мен жұбайы Хенк қазақстандық әнші Ақылбек Жеменейдің орындауындағы "Қызыл өрік" атты әніне билеп бара жатқанын көруге болады.
@koreanbyaijan Маржаным бақытты бол??❤️ #хочуврекомендации #хочувреки #гуми #gumi #구미시 #대한민국 #southkorea ♬ оригинальный звук - KoreanbyAijan
Той түрлі гүлмен сәнделген мейрамханада өткен. Жас жұбайлардың қуанышты күнінде корей халқының дәстүрлері орындалған.
"Дорамадағыдай ғой", "Корей халқының дәстүрлері маған ұнайды", "Қалған өмірі де бақытқа толы болсын", - дейді видеоны көрген Желі қолданушылары.
@koreanbyaijan Екі жұптың сәлем салуы. Қаншалықты сәлем салса, соншалықты сыйлайды, сүйеді деген мағына☺️ #хочуврекомендации #хочуврек #gumi #구미시 #대한민국 #추천 #гуми #southkorea ♬ оригинальный звук - KoreanbyAijan
Одан бөлек, тойда жас жұбайлардың аналары дәстүрлі киіммен шыққан: бірі қазақтың камзолын кисе, енді бірі корей халқының ханбогын киіп шыққан. Желі қолданушылары құдағлар бір-бірінен аумайтынын жазған.
@koreanbyaijan Корей ханбогы мен қазақ қамзолы❤️ #хочуврекомендации #хочувреки #корея #southkorea #korea #gumi #хочувтоп ♬ оригинальный звук - KoreanbyAijan
"Кім қазақ, кім кәріс екенін ажырата алмай қалдық қой, бақытты болсын!", "Екі құдағи апалы-сіңлілі сияқты", "Біздің де ұлттық киімімізді көрсетіп, қазақтың камзолын кигені дұрыс болыпты", "Ол жақтың адамдары қазаққа ұқсайды екен", - деген пікірлер жазылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!