• 519.19
  • 490.7
  • 5.29

Донор болуға шариғат қалай қарайды?

Донор болуға шариғат қалай қарайды?
Фото: depositphotos.com

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы дің жасушалары донорлығының үкімін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дің жасушалары донорлығы - адамның сүйек кемігінің гемопоэздік дің жасушаларын (ГДЖ) науқасқа транспланттау процесі.

Бұл онкогематологиялық ауруларды (лейкемия, лейкоз, апластикалық анемия, ауыр аралас иммун тапшылығы синдромы, әртүрлі туа біткен қан аурулары және т.б.) емдеудің ең тиімді әдісі. Сүйек кемігінің дің жасушалары перифериялық қан арқылы (қарапайым қан донациясы сияқты) алынады.

"Ғалымдар сүйек кемігінің гемопоэздік дің жасушаларын транспланттауға қан донорлығының үкіміне салыстырып рұқсат берген. Өйткені дің жасушалары донорлығы шариғаттың өзара бір-біріне көмектесу және бүкіл адамзатты өлімнен құтқару принципіне сай келеді. Сондықтан сүйек кемігінің гемопоэздік дің жасушаларын науқасқа ауыстырып орналастыруға болады", - делінген пәтуада.

Алайда мынадай шарттар сақталуы тиіс:

  • Аса зәруліктің болуы, яғни оның орнын басатын таза баламасы жоқ әрі сенімді, білікті медицина мамандарының шешімімен науқас адамның өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы һәм емі болуы;
  • Донордың денсаулығына ешқандай зиян тимеуі;
  • Донордың өз еркімен, разылығымен беруі;
  • Дің жасушаларын транспланттау процесі білімді, білікті дәрігерлердің бақылауымен жүзеге асуы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова