Донор болуға көп талап қойылмайды. Керісінше, тұрақты түрде қан тапсыратындардың өмірі шамамен 5 жылға ұзарады екен. Алайда мамандар донор болудың зиянды тұсы барын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Сонымен, донор болудың зияны қандай? Шамадан артық қан тапсыру ағзаға айтарлықтай зиянын тигізеді. Мысалы, сіз жылына белгілі бір мөлшерден артық қан берсеңіз, қан аздыққа шалдығуыңыз мүмкін. Салдарынан ағза темір тапшылығына ұшырап, бауыр, бүйрек, өкпе секілді мүшелердің жұмысын нашарлатады.
Егер тамыр жарылып, қан дұрыс алынбаса да, донорға кері әсер етеді. Яғни тамырда қанның өтуі қиындауы мүмкін. Донор болуға шешім қабылдаған адам міндетті түрде дәрігердің кеңесін тыңдап, тамағына, саулығына дұрыс көңіл бөлгені жөн.
Денсаулығыңызға кері әсер етпеуі үшін мына ережені сақтаңыз. Өзіңізге физикалық салмақ салмаңыз, ауыр жұмыспен айналыспаңыз. Жақсылап тынығыңыз. Ешқашан аш қарынға қан тапсырмаңыз. Таңғы асқа құрамы дәрумендер мен минералды заттарға, көмірсуға бай тағамдар тұтыныңыз. 1 шыны тәтті шай ішуді ұмытпаңыз. Ал жұмыртқа, ет, творог, сүт, жаңғақ, шұжық, шоколад, банан, құрма, сары май, фастфуд секілді тағамдарды жемеңіз.
Қан тапсырып шыққан соң 15 минуттай отырыңыз. Сосын 1 шыны қою демделген тәтті шай немесе кофе ішіңіз. Физикалық салмақ салмаңыз, моншаға бармаңыз. Есесіне, көбірек су ішіп, калорияға бай тағамдарды тұтыныңыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!