Көліктің дөңгелегі механизмдегі ең басты құрылым. Темір тұлпардың жүріс бөлігіндегі ақаудың арты апатқа апаруы мүмкін. Сондықтан көлігіңіздің 4 дөңгелегін сайлап алмай жолға шығудан аулақ болыңыз. Жүріс бөлігіне сенімді болсаңыз да, дөңгелектің желін жиі тексеріп тұру қажет, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұрылыс кезінде ауып кетуіңіз мүмкін
Дөңгелектің желін тексеруге көп жағдайда ерініп қаламыз. Алда ауа-райының қолайсыз уақыттары келе жатқандықтан бұл өте маңызды. 4 дөңгелегіңіздің желі 4 түрлі болуына болмайды. Бұл көліктің жүрісін өзгертіп, бұрылыс кезінде апатқа алып келуі мүмкін.
Жанар-жағармайды көбейтеді
Көлік дөңгелектерінің желі бірдей болса жанармайды аз жағады. Өйткені дөңгелектердің дұрыс тегіс айналуы көліктің жылдамдығына әсер етпеуі керек. Әдеттегі көліктердің қысымы 2 Паскальды көрсетіп тұрады.
"Грыж" шығуының алдын алады
Көлікпен үнемі тегіс жолдарда жүру мүмкін емес. Әсіресе Қазақстанның жолдарындағы шұңқырлар дөңгелектің сорына айналуы ықтимал. Бұл әсіресе жүк көліктеріне тікелей қатысты. Көлік салмағының көптігіне қарай дөңгелектің желін де арттыру керек. Сол кезде шинаңызды құртып алудың алдын аласыз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!