Орал-Атырау тасжолының шетінде тұрған екі адамды көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 8 желтоқсанда сағат 8.42-де болған.
"Қалалық зиратқа қарама-қарсы жерде Toyota Ipsum жүргізушісі асқан жылдамдықпен жолдың шетінде тұрған Opel көлігіне соқтығысқан. Opel жүргізушісі дөңгелегін ауыстыруға тоқтаған. Жол апаты салдарынан Opel автокөлігінің қасында тұрған екі адам оқиға орнында мерт болды", - дейді БҚО ПД өкілдері.
Бұл дерек бойыфнша соталды тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!