Қостанай облысында полиция қауіпті мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарыкөл ауданында 36 жастағы тұрғын жүргізуші куәлігінен айырылып, патрульдік полицияның "тоқта" деген талабын елемей, ізін суытпақ болды.
Жүргізушінің алдыңғы дөңгелегі жарылғанына қарамастан, ол өзге көліктерге қауіп төндіріп, қаша берген.
Полицейлер мұндай өрескел жол қозғалысы ережелерін бұзуды тоқтатып, құрбандар мен ауыр зардаптарға жол бермеді. Соған қарамастан, ұсталған кезде құқықбұзушы соқтығысу арқылы өзінің көлігіне және полиция қызметкерлерінің қызметтік көлігіне зақым келтірді.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің исі шықты.
Мас күйінде көлік жүргізу фактісі бойынша полиция оны көлік басқару құқығынан айырып, қылмыстық іс қозғады. Бұл үшін оған 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр.
Сонымен қатар полицияның көлікті тоқтату туралы заңды талаптарын елемегені үшін сот оған 15 тәулік қамауға алуды тағайындады. Ер адам арнайы қабылдау орнына орналастырылды. Көлік айыппұл тұрағына жіберілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!