- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Донецкіде "Роскосмостың" экс-директоры...
Донецкіде "Роскосмостың" экс-директоры Дмитрий Рогозин туған күнін атап өткен мейрамханаға шабуыл жасалды
Фото:
Видеодан алынған кадр
Донецкіде "Роскосмостың" бұрынғы бас директоры Дмитрий Рогозин туған күнін атап өткен "Шеш-Беш" мейрамханасына белгісіз біреулер оқ жаудырды. Ол жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпарат Baza Telegram-арнасында пайда болды.
Шабуыл салдарынан ДХР үкіметінің төрағасы Виталий Хоценко жараланып, оның күзетшісі қаза болды. Сондай-ақ, тағы бес адам жарақат алды, оның ішінде мейрамхана әншісі де бар.
Telegram-арна мәліметінше, Рогозин денесіне түрлі жарақат алған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек