АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп инаугурациясы күні TikTok әлеуметтік желісін елде қайта іске қосатынын мәлімдеді. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Трамп TikTok қосымшасына АҚШ-та тыйым салатын заңның күшіне ену мерзімін ұзартатын жарлық шығаратынын айтты, бұл ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін келісім жасауға мүмкіндік береді. Оның айтуынша, TikTok-тың 50% үлесі АҚШ-қа тиесілі болуы керек.
"Осылайша, біз TikTok-ты сақтай отырып, оны сенімді қолдарға тапсырып, өркендеуіне мүмкіндік береміз. АҚШ-тың мақұлдауынсыз TikTok өмір сүре алмайды. Біздің мақұлдауымызбен ол жүздеген миллиард, тіпті триллион доллар тұрады", - деп атап өтті Трамп.
Трамптың бұл мәлімдемесі Джо Байден әкімшілігінің бұл мәселені келесі әкімшілікке қалдырғанынан кейін жасалды. TikTok американдық пайдаланушыларға қызмет көрсетуді қалпына келтіріп жатқанын хабарлады. Бұған дейін қосымша АҚШ-та шамамен 170 миллион пайдаланушы үшін қолжетімсіз болған еді.

Кейбір басылымдар Трамптың халықтың реакциясынан қорыққанын болжады. БАҚ-тың хабарлауынша, бүкіл ел бойынша 911 қызметіне ересектер мен жасөспірімдерден мыңдаған қоңыраулар түскен. Адамдар TikTok-тың өшірілуінен кейін үрей, психикалық тұрақсыздық және басқа да күтпеген салдарларға шағымданған.
Еске салсақ, АҚШ-та TikTok 19 қаңтар күні бұғатталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет