Дональд Трамп Илон Маскқа қандай қызмет беретінін айтты

Дональд Трамп Илон Маскқа қандай қызмет беретінін айтты
Фото: REUTERS/Brian Snyder

АҚШ президенті боп сайланған Дональд Трамп сайлау науқанында қолдау көрсеткен Илон Маскқа департамент басшысы етіп сайлайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екі кәсіпкер - Илон Маск пен Вивек Рамасвами жаңадан құрылған үкімет тиімділігі департаментін басқаратын болады. Бұл департамент бұрын болмаған. Енді Илон Маск мемлекеттік шығындарды, мемлекеттік аппараттың көлемін қысқартуға жауапты. 

"Бұл екі ұлы америкалық тұлға мемлекеттік бюрократияны жоюға, артық ережелерді қысқартуға, ысырапшыл шығындарды азайтуға және федералды агенттіктерді қайта реттеуге көмектеседі", - деп мәлімдеме жасады Трамп.

Қайта сайланған президент қорғаныс министрі ретінде Fox News арнасының жүргізушісі Пит Хегсеттің кандидатурасын ұсынды.

Бұл шешімі де негізсіз емес екенін басып айтты. 

"Пит - "Әуелі Америка" қағидасына сенген күшті, ақылды адам. Одан Американың жаулары сескенеді. Біздің әскеріміз қайтадан күшті болады және Америка ешқашан шегінбейді", - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, бұған дейін Илон Маск Трамптың сайлау науқанына қанша қаржы жұмсағаны белгілі болған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева