Дональд Трамп Гренландия бойынша келіссөздер басталғанын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия жөнінде келіссөздер басталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Бәріне ыңғайлы мәміле болады деп үміттенемін. Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан бұл өте маңызды келісім. Менің ойымша, біз мәмілеге келеміз", - деді ол.

Бұған дейін НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Еуропарламентте сөйлеген сөзінде Трамптың Гренландияға қатысты талабының уәжін ақтап алуға тырысқан.

Ал америкалық көшбасшы НАТО мен Данияға үндеу жасап, Гренландиядан Ресей мен Қытайды "алыстатуды" талап еткен. Оның айтуынша, бұл елдердің аралға қатысты әскери ниеті бар көрінеді. Сондай-ақ, ол аумақты "ит жеккен шанамен қорғау мүмкін емес" екенін айтқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!